Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департамент туралы ереже

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Стратегиялық жоспарлау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық  актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысымен  бекітіледі.

4. Департамент:

1) Стратегиялық жоспарлау басқармасынан;

2) Бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу басқармасынан;

3) Индустриялық-инновациялық дамытуды мониторингілеу басқармасынан;

4) Ұйымдастыру жұмысы басқармасынан;

 

2. Департаменттің  негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Міндеті: Министрліктің стратегиялық және оперативтік жоспарлау қызмет мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау және жүргізу.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62 және 63 бапына сәйкес Министрліктің стратегиялық, оперативтік жоспарларын және Меморандумын әзірлеу, бекіту, түзету және мониторингілеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, үйлестіреді, бақылайды және жүргізеді;

2) «Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу» бағыты бойынша Министрліктің қызметін талдауды және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, үйлестіреді, бақылайды және жүргізеді;

3) Министрліктің құзыретіне кіретін стратегиялық индикаторлар бөлігінде Дүниежүзілік банктің «Doing Business» және Дүниежүзілік экономикалық форумның «Бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі» халықаралық рейтингісімен байланысты бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, үйлестіреді, бақылайды және жүргізеді;

4) Қазақстан Республикасы әлеуметтік экономикалық болжау және қорытындылауды құруға қатысу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, үйлестіреді, бақылайды және жүргізеді.

6. Міндеті: Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі бағдарламалық құжаттарын Министрлікте әзірлеуде мониторинг пен үйлестіруді және оның орындалуына мониторинг жүргізеді, соның ішінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары;

2) Министрлікпен жетекшілік етілетін мемлекеттік, салалық (секторалды) және өңірлік салаларды және қызмет ортасын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысады.

3) Мемлекет басшысының хаттамалық тапсырмаларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді және орындауды ұйымдастырады;

4) Мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының рейтингін анықтау методикасына сәйкес Министрліктің жауапты хатшы қызметінің мониторингін жүзеге асырады.

7. Міндеті: Индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде мониторингті жүзеге асыру.

Функциялары:

1) индустриялық-инновациялық дамыту саласында мемлекеттік органдарға мониторинг жүргізуді және салааралық үйлесуді жүзеге асырады;

2) индустриялық-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

3) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның және үдемелі индустриялық дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

4) өз құзыреті шеңберінде индустриялық-инновациялық мәселелерді реттейтін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, талдау жүргізеді.

8. Міндеті: Өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді орындау.

Функциялары:

1) Өз қызметі шегінде Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму министрлігі басшылығының Қазақстан өңірлеріне жасайтын сапарларына материал әзірлеуді жүзеге асырады;     

2) Министрліктің Алқа мәжілісінің отырысы мен Инвестициялар және даму жөніндегі қоғамдық кеңестің отырыстарын ұйымдастырады;

3) Министрдің және Министрлік Жауапты хатшысының аппараттық мәжілістерін өткізуді ұйымдастырады және аппараттық мәжілістегі  хаттамалық тапсырмаларғы мониторинг жүргізеді;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысына және Қазақстан Республикасы Үкіметі селекторлық жиналысына Министрлік басшылығына материалдарды әзірлеуді жүзеге асырады;

5)  Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму министрлігінің Салалық мәселелер жөніндегі кеңеснің қызметін ұйымдастырады;

9. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

9.1. Департаменттің құқықтары:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте түсініктер беру;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Департаментке жүктелген тапсырмаларды орындау үшін қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамаларды, анықтамалық-талдамалық ақпараттарды және басқа материалдарды сұрату және алу;

3) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер өткізу және ұйымдастыру;

4) заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуға тарту.

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

9.2. Департамент міндеттері:

1) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктер беру;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жүргізуде консультативтік-кеңестік органдарда немесе басқа да тиісті қызметтік көмек көрсету қажет болған жағдайда, Департамент қызметкерін (-лерін) жіберу; 

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салса, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамалар ұсыну кіреді.

           

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

10. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

12. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және  Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

13. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

14. Департамент директоры осы мақсатта:

1) Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар басшыларының, өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін  Басқармалар туралы ережелерді бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент директорының орынбасарлары болады.

16. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі  шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

17. Департамент директоры, оның орынбасалары және Департаменттің басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

18. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілетін лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 25.01.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Стратегиялық жоспарлау департаменті