Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша ақпараты

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру жөніндегі (2012, 2014 және 2015 жылдардағы) Жалпыұлттық жоспарларға (бұдан әрі - ЖҰЖ) сәйкес ҚР ИДМ 7 тармақ бойынша негізгі орындаушысы болып табылады, оның ішінде 2015 жылдың қорытындысы бойынша 4 тармақ орындалды, 3 тармақ орындалу барысында.

Орындалғаны:

1) «Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу»  тапсырылды. Келесілерді қарастырып: бағдарлама шегін 2030 жылға дейін кеңейту; халықаралық сауданы жүзеге асыру кезіндегі кедергілерді алып тастау; отандық қазіргі заманғы логистика және дистрибуция орталықтарын дамыту; автомобиль және теміржол инфрақұрылымын ауқымды модернизациялау; теңізге шығысы бар елдерде логистикалық орталықтарды құруға инвестициялау.»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 20 Жарлығымен Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілді.

2) «Қытайдың, Иранның, Ресейдің және Еуропалық Одақ елдерінің құрғақ және теңіз порттарында терминал қуаттарын салу немесе жалға алу бойынша ұсыныстар енгізу»

2014 жылы қытай теңіз портында Ляньюньган логистикалық терминалы салынды. Осы терминал экспорт-ипорттық, сондай-ақ транзиттік қатынастарында жұретін көліктің барлық түрлерінің таымалдаушыларына жоғары сапалы қызметтер пакетін ұсына отырып, Оңтүстік-Шығыс Азия, Австралия және Канада едеріне/елдерінен қазақстандық транзиттік жүктерді өңдеуге және ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді.

2014 жылғы қарашада Бандар-Аббас портында бірлескен кәсіпорын құру мақсатында «SocialSecurityInvestmentCompany» (SSIC) мен «IslamicRepublicofIranShippingLines» (IRISL) Ирандық ұйымдармен  Ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан. Терминалдың қуаттылығы жылыға 2,5 млн. тоннаға дейін.

2015 жылғы 5 ақпанда «KTZ Express» АҚ және «V. Paulis & Associates Real Estate» компаниясы арасында Клайпеда портында және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да көлік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін берлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, Янтиен порттарында (Қытай),  Сиань және Чженчжоу (Қытай) құрғақ порттарында жүк өндеу қуаттылығы жылына 2 млн. тоннаға жететін терминалдарды жалға алу мәселесі пысықталуда.

3) «Өңірлерде ШОБ өндірістерін дамытуға және қосымша инвестицияларды тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтарды салу бойынша ұсыныстар әзірлеу»

Өңірлерде жаңа индустриялық аймақтарды құру бойынша пысықталған тұжырымдамалық ұсыныстар ҚР Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірде №1030 Жарлығымен бекітілген Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында және  ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасында көзделген.

Индустриялық аймақтарды одан әрі дамыту, оның ішінде олардың инфрақұрылымдары құрылысының мәселесі жоғарыда көрсетілген бағдарламалар шеңберінде жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта өңірлерде 9 индустриалық аймақ жұмыс істеуде (Алматы облысы – 4, ОҚО – 3, ШҚО - 2).

2015 жылы 11 индустриалық аймақтардың инфрақұрлымын салу үшін 11,5 млрд. теңге бөлінген.

4) «Туристік объектілердің көліктік қолжетімділігін және инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз етудің, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету жоспарын әзірлеу»

65 іс-шараларды көздейтін Туристік объектілердің көліктік қолжетімділігін және инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз етудің, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету жоспары әзірленді.

Қазіргі уақытта Министрлік «100 нақты қадам» шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инженерлік көлік инфрақұрылымы мен қазақстандық турөнімді ілгерілету мәселелері көзделген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жаңарту және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтуіміз қажет.

Сонымен бірге, ­Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысының 2015 жылғы 23 маусымдағы №25 Хаттамасының 4.2.1-тармағына сәйкес осы Жоспарлар біріккен, және іс-шаралары Тұжырымдаманы іске асыру бойынша кешенді жоспар шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

 

Орындалуда:

  1. «Кешенді минералдық тыңайтқыштар шығару жөніндегі зауыт құрылысын бастау үшін құжаттама әзірлеу»

2015 жылғы маусымда Жобаны жобалау және құрылысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың кезеңдік жұмыс жоспарын, инвестициялық келiсiмнің жасалуын, сыртқы инфрақұрылымның жобалауы мен құрылысын, сондай-ақ «Еврохим - тыңайтқыш» ЖШС-ның (бұдан әрi - Еврохим) әлеуметтiк мiндеттемелер бөлiмі көзделген жаңа Жол картасы бекітілді.

Еврохим жобасы үшін газ құбырының құрылысы бойынша:

Бюджет қаражаты шеңберiнде өңірді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысының әкiмдiгi «Қаратау-Жаңатас» бағыты бойынша газ құбырының құрылысына Еврохим жобасының газ тұтыну көлемдерiн ескермей техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрi - ТЭН) әзірленген.

Жол картасында  Еврохимның меншiктi қаражаты есебiнен жобаның газ тұтыну көлемдерiн ескере отырып, Жамбыл облысының әкiмдiгi мен Еврохимның арасында ТЭН-ді түзету және қабылдау-тапсыру туралы шартқа қол қою іс-шаралары көзделген.

Бүгiнгі күні «Катек» ЖШС жобалау - зерттеу компаниясы ТЭН-ді түзету бойынша жұмыстар жүргізуде. Соңғы ТЭН-ді 2016 жылғы ақпанның соңына дейін ұсыну жоспарлануда.

Сонымен бiрге, 2018 жылдың соңына дейін орындалуы 80% құраған жобаларды қоспағанда жаңа бастамаларға мемлекеттiк бюджеттен қаражат бөлуге мораторий белгілеу туралы 2015 жылғы 20 тамыздағы №04-198//01-7.7 хаттамалық тапсырма негiзiнде, 2016-2018 жылдары «Қаратау-Жаңатас» газ құбырының құрылысына Республикалық бюджеттен 1 828 164 мың теңге  көлемінде  қаражат бөлу қолдау таппады (2016 жылы – 122 000 мың теңге, 2017 жылы – 1 471 356 мың теңге және 2018 жылы – 234 808 мың теңге).

Осыған байланысты, ЕвроХим Жобасының газ құбыры құрылысына республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарына (бұдан әрі - Дағдарысқа қарсы жоспар) қосылды.

Осы мәселені көрсетілген Дағдарысқа қарсы жоспарының шеңберінде іске асыру жоспарлануда. Мерзімі-2018 жыл.

«Жаңатас-Түркістан» темiр жолының құрылысы

Өз кезегінде Жобаның орындылығын анықтау үшін ТЭН-ді әзiрлеу және мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын алу қажет.

Болжамды желi жергiлiктi сипатты маңызға ие болуына байланысты Жамбыл облысының әкiмдiгiне концессия механизмін қолдану мүмкiндiгiн қарастыру (Еврохимның құралдарын тартумен) және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концедент ретінде шығу ұсынылды.

Осыған байланысты Жол картасына Жамбыл облысының әкiмдiгi Еврохиммен бірлесіп  ұзақтығы 115 км «Жаңатас-Түркістан» темiр жолының құрылысы бойынша ТЭН енгізу туралы іс-шаралар енгізілді. ТЭН-ге оң қорытынды берілген жағдайда ТЭН мен бюджеттік тапсырысты енгізу мерзімі – 2016 жыл.

«Жаңатас-Шымкент» автожолын реконструкциялау

Жол картасына сәйкес Жобаны сыртқы автомобилдiк инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында Жаңатас қаласынан «Шаян-Созақ» автожолымен қиылысқа дейiн ұзақтығы 20,5 км иесіз жолға жөндеу жүргізу керек.

2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (бұдан әрi – Кодекс) сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әдiлет департаментi осы жолды иесiз жылжымайтын зат ретінде тiркеді.

Осыған байланысты көрсетiлген Кодекстің 242-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкiмдiгі осы жолды әкiмдiктiң коммуналдық меншiгі ретінде тану талабымен сотқа хат жолдады.

Автожолды қалпына келтiру Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгінің теңгерiміне қабылдаудан кейiн, 2016-2018 жылдары жергiлiктi бюджет қаражаты шеңберiнде жоспарлануда.

Жер учаскесін ресімдеуге қатысты

«Қазфосфат» ЖШС меншік иелігінде 70 га жер бар (19 га+51 га), соның ішінде Жобаның инфрақұрылым объектілері құрылысына 19 га бөлінген, сонымен қатар 51 га – тау кен кесігіне бөлінген (Қисық төбе).

2015 жылғы ақпанда кезектi кеңесте Еврохим өкiлдері «Қазфосфат» ЖШС-дан 19 га учаске сатып алу туралы ниетін хабарлады, Еврохим қаражатының қаржысы есебінен «Қазфосфат» ЖШС жеке меншiгінде темiржол желiсiн салуды және оны жалпы мақсаттар үшiн пайдалануды ұсынды.

 «Қазфосфат» ЖШС ЕвроХим ұсынған нұсқаулардың бірде бірімен келіспеді.

2015 жылғы желтоқсанда ЕвроХим және «Қазфосфат» ЖШС өкілдері екi жақты келiссөздерді қайта өткiзу ниетін хабарлады.

2) «Жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарды индустриялық жобалармен толықтыру бойынша шаралар қабылдай отырып, олардың инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау»

2001-2015 жылдар кезеңінде Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) құрылды.

Бүгінгі  күні инфрақұрылым 3 АЭА («Сарыарқа» АЭА, «Оңтүстік» АЭА, «Бурабай» АЭА) толық аяқталған.

3 АЭА инфрақұрылымының құрылысы («Астана - жаңа қала» АЭА,«Ақтау теңіз порты» АЭА, «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА) аяқтау кезеңінде тұр.

4 АЭА («Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА (бұдан әрі - «ҰИМТ» АЭА), «Тараз химия паркі» АЭА, «Павлодар» АЭА, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА (бұдан әрі - «ИТП» АЭА) бойынша құрылыс жүргізілуде.

Жалпы, қолданыстағы АЭА алаңдарында 161 жоба пайдалануға берілді. 104 жоба іске асыру кезеңінен өтуде.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымын құру бойынша

«Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА инфрақұрылымының дайындығы

80 %-ды құрайды. 2015 жылғы шілдеде «Құрғақ порт» құрылысы жұмыс оежимінде іске қосылды. АЭА инфрақұрылымы құрылысын 2016 жылы аяқтау көзделуде.

«Ұлттық индустриалдық мұнай-химиялық технопарк» АЭА инфрақұрылымын құру бойынша

Жалпы, «ҰИМТ»  АЭА инфрақұрылымының дайындығы 10%-ды құрайды. Инфрақұрылым кірме жолдармен, электр қуатын жеткізу желілерімен, теміржол тасымалымен қамтамасыз етілген. Жұмыстарды толық аяқтау 2019 жылдың соңында жоспарланған.

«Астана-жаңа қала» АЭА инфрақұрылымын құру бойынша

№ 1 Индустриялық паркінің инфрақұрылымы 80 %-ға аяқталған.

№ 2 Индустриялық паркінің мастер-жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, кейін  ТЭН әзірлеу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

«Химпарк Тараз» АЭА инфрақұрылымын құру бойынша

Қазіргі уақытта сыртқы инфрақұрылым объектілері бойынша 77 %-ға, ішкі 32 %-ға жұмыстар орындалды.

Инфрақұрылым құрылысының бірінші кезегін 2016 жылдың

3-тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Екінші кезекті 2018 жылдың

3-тоқсанында аяқтау көзделуде. Жобалық қуатқа шығу АЭА аумағында басым жобаларды пайдалануға бергеннен кейін 2023 жылға белгіленген.

«Ақтау порты» АЭА инфрақұрылымын құру бойынша

«Ақтау теңіз порты» АЭА-ның инфрақұрылымы 6 субаймақтан тұрады.

№3 субаймағының инфрақұрылымы - 100%, №1 субаймағы 95% аяқталған.  Қазіргі уақытта №1 субаймағының қосымша учаскесі, № 2 субаймағы, № 4 субаймағы бойынша ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың қарауында. № 5, 6 субаймақтарының инфрақұрылымын қалыптастыру жоғарыда аталған субаймақтарды жобалармен толықтыруларына қарай жоспарланады.

«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА

Инфрақұрылымының бірінші кезегі 100 % аяқталды. Қазіргі уақытта екінші кезектің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Павлодар» АЭА

Қазіргі уақытта инфрақұрылым дайындығы шамамен 10%-ды құрайды.

ТЭН түзету жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, «Павлодар» АЭА инфрақұрылым құрылысы аймақтандыру және аумақты  кезең-кезеңмен игеру жолымен екі сатыда жүргізіледі.

 

4) «Батыс Еуропа – Батыс Қытай; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы –Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахан автожол магистральдарының жол учаскелерін салуды қамтамасыз ету»

2015 жылы жоғарыда көрсетілген жобалардың іске асырылуына Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 256,6 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі күні 209,9 млрд.теңге игерілді (82 %). Автожол жобаларының іске асырылуында 72 мың адам тартылды, 5,3 млн.м3 қиыршықтас, 700 мың тонна цемент, 1 мың м3 темірбетон бұйымдары, 185 мың тонна битум қолданылды.

1) Батыс Еуропа – Батыс Қытай

Жобаны іске асырудың басынан бастап 1 884 км жұмыстар аяқталды және жол қозғалысы Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) Шымкент қ. дейін учаскеде және Жамбыл облысының аумағы бойынша ашылды.

Жұмыстар ұзақтығы 483 км Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы және Алматы-Қорғас учаскелерінде жұмыстар жүргізілуде. Учаскелерде жылдық жоспардан 97% жұмыс жасалды.

2015 жылғы тамызда ұзақтығы 65 км Тараз қаласының айналма жолы учаскесінде толығымен қозғалыс ашылды. Жылдың соңына дейін ұзақтығы 79 км Шымкент-Тараз учаскесінде қозғалыс ашу жоспарлануда.

2) Астана-Алматы

Жұмыстар Астана-Теміртау (159 км) және Алматы-Қапшағай (94 км) учаскелерінде жалғасуда. Учаскелерде жылдық жоспардан 98% жұмыстар жасалды.

 Жылдың қорытындысы бойынша 72 км жол қозғалысын ашу жоспарланған (Астана-Теміртау – 10 км, Алматы-Қапшағай – 62 км). Алматы-Қапшағай учаскесі бойынша толығымен қозғалыс ашылатын болады.

Қарағанды-Балқаш-Бұрылбайтал-Құрты учаскесін реконструкциялау бойынша жұмыстарды қаржыландыру Халықаралық банкі мен Еуропалық Реконструкция және Даму банкі займдары есебінен көзделген. Аталған учаскелер бойынша ТЭН дайындау аяқталуда. Займдар туралы келісімдерге 2016 жылдың басында қол қою жоспарлануда.

3) Астана-Өскемен

Жұмыстар Астана-Павлодар (441 км) және Павлодар-Семей (66 км) учаскелерінің 507 км жалғасуда. Учаскелерде жылдық жоспардан 97% жұмыс жасалды.

Сонымен қатар Павлодардан Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейін 109 км реконструкция бастау, 100 км-де жол қозғалысын ашу жоспарлануда.

Бұдан басқа Қалбатау-Өскемен учаскесін іске асыруға мемлекеттік емес займдарды тарту мәселесі пысықталуда.

4) Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахан

Астана-Ақтөбе (1200 км), Ақтөбе-Мақат (457 км) және Атырау-Астрахан (277 км) учаскелері бойынша жұмыстарды Дүниежүзілік банкі, Азия және Ислам Даму банктері займдары есебінен қаржыландыру жоспарланған. Аталған учаскелер бойынша ТЭН дайындау аяқталуда. Қатарласып Ақтөбе-Мақат және Атырау-Астрахан учаскелері бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізілуде.

Займдар туралы келісімдерді 2016 жылдың басында қол қою жоспарлануда.

Сонымен бірге ағымдағы жылы Ұлттық қордың қаражаттары есебінен Ақтөбе мен Атырау арасында 26 км реконструкциялау басталатын болады.

5) Алматы – Өскемен

Жоба бойынша жұмыстар ұзақтығы 141 км Қапшағай-Талдықорған учаскесінде жүргізілуде.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 53 км пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Талдықорған-Қалбатау учаскесін іске асыруға мемлекеттік емес займдарды тарту мәселесі пысықталуда.

6) Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда

2015 жылы Ұлттық Қордан Қызылорда-Жезқазған автожолының учаскесін реконструкциялауды бастауға 3 млрд. теңге бөлінді. Алайда жобаның күрделі қаржы жұмсалымын, 2016 жылғы бюджетте ақшалай қаражаттардың жоқ екендігін ескере отырып, жобаның іске асыруын ауыстыру туралы шешім қабылданды және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бөлінген қаражаттар басқа басымдылық жобаларға қайта бөлінді.

Қазіргі уақытта жобаны Халықаралық қаржы институттары есебінен іске асыру мәселесі пысықталуда.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 143 Жарлығымен  Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді (Жарлық және ЖҰЖ қоса берілген).

ЖҰЖ-ға сәйкес ҚР ИДМ үш бағыт бойынша жауапты болып табылады:

  • Жаңа инвестициялық саясат құру
  • 2015-2019 жылдарға арналған ҮИДМБ өзектендіру
  • «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруын белсендіру.

 

 

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Стратегиялық жоспарлау департаменті